Пятница, 30.10.2026

ОБЛЫС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫ ӨСТІ:

Жыл басынан бері Ұлытау облысының экономикалық өсім қарқыны 120,3%-ды құрап, республика бойынша 2-орынға көтерілді. Салыстырмалы түрде айтқанда, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 96,8% болып, облыс небәрі 19-орында болған.

Мұндай өсім экономиканың негізгі салаларында, яғни, құрылыс жұмыстарының көлемі 3,7 есеге, негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,6 есеге, өнеркәсіп өндірісі 15,7%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 8,7%-ға артуымен оң динамиканың нәтижесіне себеп болды.

Жалпы алғанда, бұл көрсеткіштер өңірдің тұрақты дамып келе жатқанын, экономикалық әлеуетінің нығайып, инвестициялық тартымдылығының артып отырғанын көрсетеді.

ЗАМАНАУИ ҚОЙМА САЛЫНАДЫ:

Ұлытау облысында салынып жатқан көкөніс пен жеміс-жидек сақтауға арналған заманауи қойма жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Нұртас Кәріпбаев өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Жобаның сақтау қуаттылығы 15 мың тоннаға дейін жетеді. Ауқымды нысан өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, логистикалық қиындықтардан туындайтын баға өсімінің алдын алуға бағытталған.

Қойма іске қосылғаннан кейін жеткізілген өнімдерді ұзақ мерзімге сапалы сақтап, жыл мезгіліне қарамастан өңірдегі сауда орындарын тұрақты бағамен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Бұл өз кезегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қолжетімділігін арттырып, нарықтағы баға тұрақтылығын сақтауға оң әсерін тигізеді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Проверьте Также

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЫН ӨНДІРУШІЛЕРІ ҚЫТАЙЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫСТЫ

Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен құралған делегация Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусы Халықаралық …