Пятница, 30.10.2026

«Қарттарым – асыл қазынам»

Бүгін қаламыздағы Достық үйінде 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай түрлі сала ардагерлеріне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Салтанатты жиынды Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина құттықтау сөзбен ашып, ардагерлерді атаулы мерекемен құттықтады. Қаланың қоғамдық-мәдени іс-шараларына белсене қатысқан бір топ еңбек ардагері алғысхатпен марапатталып, оларға естелік сыйлықтар табысталды. Мерекелік жиынға қатысушыларға жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл—күй сыйлады. Қазыналы қарттардың құрметіне мерекелік дастархан жайылды.

Проверьте Также

БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫ!

Жыл сайын 19 қазан күні азаматтық қорғаныс, өртке қарсы күрес және суда құтқару қызметі мамандарының …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *