Пятница, 30.10.2026

Ежедневные архивы: 28/08/2026

ҚҰНДЫЛЫҚ ПЕН САПА САБАҚТАСТЫҒЫ – БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Ұлытау облысында жаңа оқу жылы қарсаңында педагогтердің облыстық тамыз кеңесі өтті. Биылғы басқосудың «Құндылыққа негізделген білім: сапа, сабақтастық және жаңа мүмкіндіктер» деген тақырыбының өзі білім беру саласының бүгінгі бағыт-бағдарын айқын аңғартты. Сәтбаев қаласында ұйымдастырылған ауқымды шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов, Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен, ардагер ұстаз Шынар …

Читать далее »

ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында көшелер мен қоғамдық орындардағы жарықтандыру жүйесіне тұрақты бақылау жүргізілуде. Кешкі уақытта қала аумағында кезекті аралау жұмыстары ұйымдастырылып, көшелердегі, аулалардағы және қоғамдық кеңістіктердегі жарықтандыру жағдайы тексерілді. Бақылау барысында кейбір нысандардағы жарық шамдарының жұмысында ақаулар бар екені анықталды. Атап айтқанда, «Жеңіс саябағының» …

Читать далее »

ЖҰМЫСТАРЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сәтбаев қаласындағы жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстарының бірі – ұзындығы 1 620 метрді құрайтын Шаталюк көшесін жөндеу. Бүгінде мұнда жол жамылғысын жаңарту жұмыстары жалғасып, негізгі кезеңдердің бірі жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта көшеге асфальттың бірінші қабаты төселіп, оның үстіне қиыршықтасты-мастикалы асфальтбетонның (ҚМА) екінші қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде. ҚМА жол жамылғысының беріктігін арттырып, …

Читать далее »

ЖОЛДЫ ЖӨНДЕМЕС БҰРЫН ӘУЕЛІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ РЕТКЕ КЕЛТІРУ МАҢЫЗЫ

Сәтбаев қаласындағы жеке секторды аралау барысында Аманжолов көшесінің тұрғындары жолдың жай-күйі мен жерасты суларына қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Тұрғындардың айтуынша, жолдың тиісті деңгейде болмауы күнделікті жүріп-тұруға қиындық туғызса, жерасты суларының үйлерге жақындауы тұрғындардың тұрмысына қолайсыздық келтіруде. Бұл жағдай жол жөндеу жұмыстарының тек асфальт төсеумен шектелмейтінін көрсетеді. Инфрақұрылымдық мәселені түпкілікті шешу …

Читать далее »

ОБЛЫС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Заманауи мал шаруашылығы кешені салынуда Ұлытау облысында «Orynbai meat» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі тарапынан бір мезгілде 1 000 бас ірі қара малды ұстауға арналған заманауи мал шаруашылығы кешенін салу бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 750,0 млн теңгені құрайды. Жобаны іске асыру нәтижесінде 10 жаңа жұмыс …

Читать далее »

СӘТБАЕВТЫҚТАР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

23 тамыз, жексенбі күні елімізде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтті. Ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауы ретінде айрықша маңызға ие саяси науқанға Ұлытау облысының тұрғындары да белсенді қатысты. Таңғы сағат 07:00-де басталған дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасып, азаматтарға өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асырып, ел болашағына қатысты таңдау жасауға мүмкіндік …

Читать далее »

ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

Сайлау – әр азаматтың ел болашағына қатысты өз таңдауын білдіретін маңызды қоғамдық-саяси науқан. Дауыс беру арқылы әр адам өзінің азаматтық ұстанымын танытып қана қоймай, мемлекет пен қоғамның алдағы даму бағытына қатысты пікірін білдіреді. Сондықтан сайлауға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі. Сәтбаев қаласындағы Жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің ғимаратында орналасқан …

Читать далее »

ДАУЫС БЕРУДЕ ҰЙЫМШЫЛДЫҚ ТАНЫТТЫ

Сәтбаев қаласындағы №27 мектеп ғимаратында орналасқан №38 сайлау учаскесінде сайлау үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындар өз азаматтық міндеттерін белсенді атқарды. Аталған учаскеде барлығы 2197 сайлаушы тіркелген. Сағат 14:00-дегі мәлімет бойынша олардың 987-сі дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Бұл – тұрғындардың сайлау науқанына деген белсенділігін аңғартатын көрсеткіш. Комиссия мүшелері дауыс беруге …

Читать далее »

БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ

Жаңа оқу жылы әр бала үшін жаңа үміт пен жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Осыған орай балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, білімге деген қызығушылығын арттыру, достық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында Сәтбаев қаласының балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Ең жақсы кітап, сіздер үшін, балалар!» атты көңілді мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында балаларды кітапхана қызметкерлері …

Читать далее »

АРДАГЕР ЖАРЫС АЛАҢЫНДА

Биыл кеншілердің кәсіби мерекесін атап өту өңірде жылдағыдан ертерек басталды. Бұған «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлінің кәсіби мерекеден ешкім шет қалмауы тиіс, барлық кеніштер мен құрылымдарда кеншілер еңбегіне лайықты құрмет көрсетілуі қажет деген тапсырмасы себеп болды. Осы бастама аясында өндіріс орындарында түрлі мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылып жатыр. …

Читать далее »