Понедельник, 6.04.2026

Ұлытау облысы ПД қызметкерлері жолда қалған жолаушыға көмек көрсетті

Ұлытау облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының инспекторлары Рауан Уразбеков пен Саид Нұржанов жолда көлігі сынып қалған жолаушыға көмектесті.

Жезқазған қаласына 60 шақырым жерде көлігі сынып, жолда қалған Мейрамбек есімді жүргізушіге патрульдік полиция қызметкерлері көмек көрсетті. Полиция қызметкерлері көлікті жөндеу үшін қажетті құрал-саймандар мен ыстық тамақ жеткізіп, екі күн бойы жолаушыға қолдау көрсетті.

Мейрамбек полицейлерге бейнежазба арқылы алғысын білдіріп, көмек үшін ризашылығын жеткізді. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекеттері арқасында жолаушы қиын жағдайдан аман-есен шығып, көлігін жөндетіп сапарын жалғастырды.

О

Проверьте Также

АНАҒА ҚҰРМЕТ – ҚОҒАМҒА ТАҒЗЫМ

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Сәтбаев қаласында мерекелік салтанатты жиын өтті. Қаладағы Ш. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *