Еңбек күні мерекесі қарсаңында адал еңбегімен қоғамның дамуына үлес қосқан қарапайым жұмысшыларға деген құрметтің айғағы ретінде салтанатты ісшара өтті.
Шараға қала әкімі Мұрат Бөрібаев қатысып, еңбек майталмандарын марапаттады.
200 000 теңге және Алғыс хат
– «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжі
– «Сәтбаев индустриалдық колледжіне» табысталды.
100 000 теңге және Алғыс хат иелері:
– Айтбаева Әсемгүл Хаметқызы, «Самға-Тазалық» ЖШС қызметкері
– Аяған Еламан Аяғанұлы, «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» дәнекерлеушісі
– Әбдіғалиева Аманкүл, Сәтбаев қаласы ауруханасының кіші медқызметкері
– Байкенжин Сағдат, «Татиев» ЖШС сантехнигі
– Бер Татьяна, «Каусар-7» ЖШС қызметкері
– Ибраев Даулет, «Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС дәнекерлеуші.
Сонымен қатар энергетика, коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, білім беру, көлік және өндіріс саласының үздік қызметкерлері:
– Калағанов Мырзат, №2 жылу станциясының көмір тиегіші
– Кенжеахметов Нұрболат, қала әкімі аппаратының жүргізушісі
– Омаров Мұратбек, «Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау» күзетшісі
– Динара Серікқызы, Б.Момышұлы атындағы мектептің іс жүргізушісі
және басқа да еңбек адамдары лайықты марапатталды.
«Еңбек – елдің тірегі» дегендей, еңбегімен өңіріміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген барлық азаматтарға алғыс айтамыз!


