Пятница, 30.10.2026

ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНДЕ ЖАҢА БАСШЫ

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің бұйрығымен Ұлытау облысы Полиция департаменті Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің бастығы лауазымына Думан Жұмағалиұлы Мағзиев тағайындалды.

Думан Жұмағалиұлы, 1984 жылы Қарағанды облысы Шет ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары.

Еңбек жолын 2005 жылы Ішкі істер органдарының орта басшы құрамындағы жедел қызмет лауазымдарында бастаған.

Әр жылдары Ішкі Істер органдарында түрлі лауазымдарда қызметте болған.

Тағайындауға дейін Ұлытау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Проверьте Также

ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫТАУЛЫҚ БРЕНД

17 жылдық тәжірибесі бар креатор-дизайнер, «Graf» баспаханасының негізін қалаушы, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Арайлым Есембекова …