Пятница, 30.10.2026

БАТАЛЫ ЕЛДІҢ ЫРЫСЫ МОЛ

Қарттар күніне орай Сәтбаев қаласының әкімі Кеңгірбай Смағұлов ардақты қариялардың шаңырағына арнайы барып, мерекелік құттықтауын жеткізді.

Қала басшысы 103 жастағы Қазынакүл Сералина апамызбен жүздесіп, ақ батасын алды. Қазынакүл апа – Сәтбаев қаласының ең жасы үлкен тұрғыны. Сондай-ақ Майра және Шарипа апаларға да арнайы барып, ізгі тілектерін білдірді.

Кездесу барысында қариялардың өмір жолы мен өнегесі, кейінгі ұрпаққа берер тағылымы сөз болды. Ғибратты ғұмырымен елге үлгі болған аға буынның ақылы мен батасы – ұрпақтар сабақтастығының алтын арқауы.

Қарияға құрмет – халыққа құрмет. Осындай тағылымды кездесулер үлкенге ізет көрсетіп, олардың қоғамдағы қадірлі орнын айшықтай түседі.

Өз тілшіміз.

Проверьте Также

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЫН ӨНДІРУШІЛЕРІ ҚЫТАЙЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫСТЫ

Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен құралған делегация Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусы Халықаралық …