Пятница, 30.10.2026

ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Өткен аптада қалада 60 пәтерлі бес қабатты тұрғын үйдің іргетасын қалау рәсімі өтті. Құрылыс жұмыстарын «QazaqStroy» компаниясы жүзеге асырады. Жоба бойынша тұрғын үйдің аумағы кешенді түрде абаттандырылып, балалар ойын және спорт алаңдары, автотұрақтар, демалыс орындары мен көгалдандырылған аумақтар жасақталады.

Сәтбаев қаласында да тұрғын үй құрылысына жаңа серпін беретін жоба қолға алынды. Мұнда 60 пәтерлі бес қабатты тұрғын үй салынады. Жоба тек көпқабатты ғимарат тұрғызумен шектелмейді. Тұрғындардың күнделікті өміріне қажетті жағдайларды қалыптастыру үшін аула аумағын толық абаттандыру қарастырылған. Атап айтқанда аумақта, балаларға арналған ойын алаңдары, спорт алаңдары, автотұрақтар, тұрғындардың демалуына арналған орындар, көгалдандырылған аумақтар ұйымдастырылады.

Мұндай шешім тұрғын үй кешенін толыққанды өмір сүруге қолайлы ортаға айналдыруға мүмкіндік береді. Әсіресе балалар мен жас отбасылар үшін қауіпсіз ойын алаңы мен спортпен айналысуға арналған кеңістіктің болуы қалалық өмір сапасының маңызды элементтерінің бірі.

Тұрғын үйді 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Орайы келгенде айта кетейік биыл Ұлытау облысы бойынша жалпы саны 300 пәтерді құрайтын осындай жаңа үлгідегі тұрғын үй құрылысы басталды.

Аманкелді Ақшал.

Проверьте Также

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында Құрылыс, логистика және көлік мәселелері жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті. Кездесудің …