Пятница, 30.10.2026

СӘТБАЕВТА СЕНБІЛІК ЖАЛҒАСУДА

Сәтбаев қаласында абаттандыру, көгалдандыру және қоғамдық аумақтарды тазарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгін өткен жалпықалалық сенбілікке мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері, жастар және мердігер ұйымдардың өкілдері қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты.

Тазалық шарасына жалпы саны 4800-ге жуық адам қатысып, 11 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 14 тонна қоқыс шығарылып, рұқсат етілмеген орындарда пайда болған жеті қоқыс алаңы жойылды.

Сенбілік барысында Қалмағамбетов, Болман, Мұратбаев және Құсайынов көшелері, сондай-ақ Мұратбаев көшесіндегі аулалар тазартылды. Бұл жұмыстарға мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың ұжымдары, Жастар ресурстық орталығының өкілдері, «СЖСЖК» ЖШС, ШПТ және БЖК қызметкерлері, сондай-ақ мердігер ұйымдардың өкілдері атсалысты. Тазалау аумақтары алдын ала бөлініп, жұмыстар ұйымдасқан түрде жүргізілді.

Қала аумағын көгалдандыру бағытындағы жұмыстар да назардан тыс қалған жоқ. Атап айтқанда, Сәтбаев – Жезқазған тасжолы бойындағы «Жасыл белдеу» аумағында көшет отырғызу жалғасуда. Бұл бастама қаланың жасыл аймақтарын кеңейтуге, қоршаған ортаны жақсартуға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Досан Дулығалы.

Проверьте Также

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЫН ӨНДІРУШІЛЕРІ ҚЫТАЙЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫСТЫ

Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен құралған делегация Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусы Халықаралық …