Пятница, 30.10.2026

Сәтбаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Қала әкімінің м.а. Алмат Саухимов облыс басшылығының алдында қаланың әлеуметтік — экономикалық дамуы бойынша есеп берді.
А.Саухимов баяндамасынан:
✅ биылғы жылғы кірісіміз 12 млрд 725 млн 587 мың теңгені құрайды;
✅ 3,2 шақырым болатын 6 көшенің жолдарын орташа жөндеуден өткізу көзделген;
✅ осы жылы 5 футбол, 7 волейбол мен баскетбол және 25 балалар ойын алаңдары орнатылатын болады;
✅ әр түрлі жасқа арналған 8 элементтен тұратын 25 жаттығу кешенін орнатылады;
✅ 25 үйдің қасбетін жаңартып, 25 тұрғын үйдің төбесін жөнделеді;
✅ жаңа үлгідегі 20 аялдама орнату көзделген;
✅ Сәтбаев картасында 4 аллея бой көтереді;
✅3 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады;
Алмат Өмірзақұлы инвестиция арқылы жүзеге асатын жоспарлар мен әлеуметтік салада атқарылатын жұмыстар жайлы да айтып өтті.
Қаланың дамуы бойынша жоспарлар алдағы уақытта әкімдіктің ресми парақшасында жарияланатын болады.

Проверьте Также

БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫ!

Жыл сайын 19 қазан күні азаматтық қорғаныс, өртке қарсы күрес және суда құтқару қызметі мамандарының …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *