Пятница, 30.10.2026

Ежемесячные архивы: Август 2026

ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР МЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ НАЗАРДА

Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен қаламызға жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандар мен қалалық инфрақұрылымның жай-күйін тексерді. Өңір басшысы білім беру және денсаулық сақтау нысандарының жұмысымен танысып, жол жөндеу, абаттандыру және реновация бағдарламасының жүзеге асырылу барысына назар аударды. Биыл Сәтбаевта жалпы ұзындығы 17 шақырым болатын жол учаскелерін орташа жөндеу жоспарланған. Қазіргі …

Читать далее »

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Ұлытау облысында спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жаңа жобалар қолға алынды. Облыс әкімдігі мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС арасында Жезқазған қаласындағы спорт инфрақұрылымын дамыту бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа облыс әкімі Есет Байкен мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі қол қойды. Келісім аясында тараптар Жезқазғанда …

Читать далее »

ЗЕЙНЕТАҚЫ – БҮГІНГІ ЕҢБЕК, ЕРТЕҢГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ

Бүгінде зейнетақымен қамсыздандыру – азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ететін маңызды мемлекеттік жүйелердің бірі. Зейнет жасына жақындаған азаматтарды көбіне «Болашақ зейнетақым қанша болады», «Зейнетақы қалай есептеледі», «Еңбек өтілі мен жалақы мөлшері қаншалықты маңызды» секілді сұрақтар толғандырады. Әсіресе ресми еңбек ету, міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты аудару және еңбек өтілін дұрыс рәсімдеу мәселелерінің …

Читать далее »

БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 15-20 тамыз аралығында Сәтбаев қаласының аумағында «Назар аударыңыз, балалар!» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған шараға қалалық прокуратура, білім бөлімі, қамқоршылық және қорғаншылық орган өкілдері, сондай …

Читать далее »

ТҰЛҒАЛАР ТАҒЫЛЫМЫ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Өткен аптада Жезқазған қаласында өңірімізге белгілі тарихи тұлғаларға арналған ғылыми-танымдық конференция өтті. Тарихи жадыны жаңғыртып, елге еңбегі сіңген ерлердің өмір жолын жаңа деректермен зерделеуді мақсат еткен жиын Өтебай би мен Барлыбай батырдың тағылымына арналды. Ұлытауды картадағы географиялық атау ғана деп қабылдау – оның тарихи салмағын толық бағаламау. Бұл өлке – …

Читать далее »

ТІЛ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ — ОРТАҚ МІНДЕТ

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, оның қоғамдық өмірдің барлық саласында қолданылуын қамтамасыз ету –  маңызды міндеттердің бірі. Тіл мәселесі тек мемлекеттік органдардың немесе тіл мамандарының ғана емес, әрбір азаматтың, кәсіпкерлік субъектінің және ұйымның ортақ жауапкершілігін талап етеді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңында тілдерді қолданудың құқықтық негіздері көрсетілген. «Қазақстан Республикасындағы тіл …

Читать далее »

АҚЫЛДЫ ЖАРЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚАЛА КЕПІЛІ

Қаланың жайлылығы мен қауіпсіздігі ең алдымен оның инфрақұрылымының қаншалықты заманауи әрі тиімді ұйымдастырылғанына байланысты. Осы бағытта Сәтбаевта көшелерді жарықтандырудың жаңа тәсілдерін енгізу жұмыстары қолға алынды. Қазіргі таңда «ақылды жарықтандыру» жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Жоба аясында Мәңгілік Ел көшесіне 25 жарықтандыру бағаны орнатылды. Жаңа жүйенің басты ерекшелігі – …

Читать далее »

ҚЫС ҚАМЫ – ЖЕРТӨЛЕДЕН

Жылыту маусымына дайындық – жылу қазандықтары мен магистральдық желілерді әзірлеумен ғана шектелмейді. Көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелеріндегі инженерлік жүйелердің жай-күйі де қысқы кезеңге дайындықтың маңызды бөлігі саналады. Себебі жылу құбырлары мен ішкі инженерлік желілердегі ақаулар тұрғындарға қолайсыздық тудырып қана қоймай, жылыту маусымының тұрақты өтуіне әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты қаладағы көпқабатты …

Читать далее »

СӘТБАЕВ – КИБЕРСПОРТТЫҢ ЖАҢА АЛАҢЫНА АЙНАЛДЫ

Сәтбаев қаласында заманауи спорттың жаңа бағыты – киберспортты дамытуға арналған республикалық ауқымды «Satpayev Esports Cup 2026» турнирінің LAN-финалы өтті. Еліміздің әр өңірінен жиналған үздік киберспортшылар бірнеше дисциплина бойынша бақ сынап, чемпиондық атақ пен жалпы сомасы 5 миллион теңгені құрайтын жүлде қоры үшін тартысты ойын көрсетті. Жастардың басын қосқан ауқымды шара …

Читать далее »

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ҚАНДАЙ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Өңірде ірі жобалардың жүзеге асырылуы туралы Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен мәлімдеді. Ағымдағы және 2027 жылы облыста әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым саласындағы 25-тен астам бірінші кезектегі жобаны іске асыруды бастау жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарға «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, Болат Өтемұратов Қоры, «Қазақстан халқына» қоры, «Qazaqstroy» ЖШС, «Atasu Group» және …

Читать далее »