Пятница, 30.10.2026

Мәдениет

АСТАНА – ЖАҢАРУ СИМВОЛЫ, АТА ЗАҢ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

Сәтбаев қаласы биылғы Астана күнін ерекше көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Биылғы елорда күнінің мән-маңызы бұрынғыдан да терең, мазмұны анағұрлым ауқымды. Себебі, бұл айтулы мереке еліміздің саяси өміріндегі тарихи бетбұрыспен – 15 наурыздағы республикалық референдумда бүкіл халық болып қолдаған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енуімен тұспа-тұс …

Читать далее »

ҰЛТТЫҢ ҮНІ, РУХТЫҢ ТІЛІ – ДОМБЫРА

Демалыс күні қаланың орталық алаңында ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – ұлт қазынасы» атты салтанатты мерекелік концерт өтті. Бұл күн – жай ғана күнтізбедегі мейрам емес, қазақтың қасиетті қара домбырасына деген перзенттік махаббат пен ұлттық рухтың асқақтаған сәті болды. Мерекелік іс-шараға қаланың Құрметті азаматтары, өнер сүйер қауым мен қала жұртшылығы …

Читать далее »

ТӨРТІНШІ БИЛІК ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Ұлытаудың ұлы даласында шындық пен әділдіктің туын жықпай, халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналған бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді. Елдің рухын оятып, өңірдің тыныс-тіршілігін таспалап жүрген қаламгерлер мен медиа саласының майталмандары үшін бұл күн шынайы марапат пен мерейдің салтанатына айналды. Биылғы дәстүрлі мерекелік жиынның …

Читать далее »

ҰЛЫ ДАЛА ДӘСТҮРІНЕН – ТУРИСТІК БРЕНДКЕ ДЕЙІН

Қазақстанның мәдени кеңістігінде соңғы жылдары ұлттық дәстүрлерді жаңғырту, оларды заманауи форматта қайта таныту үрдісі айқын байқалады. Солардың ішінде ерекше орны бар мәдени-этнографиялық жоба – «Көкмайса» қымыз мерекесі және оның тарихи-мәдени негізі саналатын қымызға қатысты көктемгі ғұрыптар. Бұл жоба тек мәдени шара ғана емес, сонымен қатар туризмді дамытуға, ұлттық бренд қалыптастыруға …

Читать далее »

МҰҚАҒАЛИ РУХЫМЕН СЫРЛАСҚАН. ТІЛ МЕН ПОЭЗИЯ МЕРЕКЕСІ

Сәтбаев қаласында қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын дәріптеуге және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған «Есіңе мені алғайсың» атты өзге ұлт жастары арасындағы қалалық байқау өтті. Танымдық әрі мәдени мазмұны терең іс-шараны Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Тіл-құрал» оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Байқау Қазақстан Республикасында тіл …

Читать далее »

КИЕЛІ ҰЛЫТАУДЫҢ АҚСАҚАЛДАРЫ – ТӨРДЕ

Қасиетті жұма күні Ұлытау ауданының ардагерлерін Сәтбаев қаласына қонаққа шақырып, саяхатымызды Шынболат Ділдебаев атындағы Кеншілер мәдениет сарайында орналасқан мұражайлардан бастадық. Биыл Қаныш атамыздың Қарсақбайға келгеніне 100 жыл толуына орай, ғалымның өмір жолынан сыр шертетін тарихи жәдігерлермен таныстық. Сонымен қатар, кезінде мыс алыбының дамуына еңбегі сіңген қайраткерлердің есімін ұлықтап, ақын-жырау, термеші …

Читать далее »

«СЕНІ КӨРГІМ КЕЛЕДІ ДЕ ТҰРАДЫ…»

Осындай тақырыппен жақында балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, ақын, драматург, сазгер Исраил Сапарбайдың 85 жылдығына арналған естелік кеші өтті. Қазақ поэзиясының лирик ақыны, драматург Исраил Сапарбайдың 85 жылдық мерейтойына арналған іс-шараға Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушылары қатысты. Тағылымы мол іс-шараның басты мақсаты – ақынның өнегелі өмірі …

Читать далее »

ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

Шынболат Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайының төрінде ұлттық өнердің айбынын асқақтатқан айтулы шара – Ерден Сандыбайұлы атындағы VI республикалық ұлттық аспаптарда орындаушылар байқауының өтті. Кеншілер қаласында екі күн бойы күй күмбірлеп, қобыз сарыны қалықтап өнерсүйер қауымның рухын көтерді. Бұл байқау 2014 жылы алғаш рет Ерден Сандыбайұлы атындағы қобызшылар байқауы ретінде бастау …

Читать далее »

ПАРАСАТ МАЙДАНЫ

«Кітап сыйлау» күніне орай қаламызда алғаш рет «ПАРАСАТ МАЙДАНЫ» оқырман клубы өз есігін ашып, алғашқы кітап талқы отырысын өткізді. Бұл – бір клубтың ашылуы емес, ойдың оянуы, сөздің салмақ табуы, тыңдаудың мәдениетке айналуы. Майдан – қылышпен емес, адамның өз ішіндегі надандықпен жүреді. Іс-шараға жиналған клуб мүшелері пікір таластыру үшін емес, …

Читать далее »

ШОҚТЫҒЫ БИІК АЙТУЛЫ АҚЫН

Ұлытау ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте лауреаты, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының» басқарма төрағасы Жүрсін Молдашұлы Ерман биыл 75 жасқа толды.

Читать далее »