Пятница, 30.10.2026

Ежегодные архивы: 2026

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ЖҮЙЕЛІ ДАЙЫНДЫҚ

Жылу маусымына дайындық жұмыстары бүгінде тек жоспарлық сипатпен шектелмей, нақты іске асырылып жатқан кешенді шаралар ретінде жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар өңірлердің инфрақұрылымдық тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі тетігіне айналып отыр. Осы мақсатта Сәтбаев қаласына Үкімет аппаратының Өңірлік инспекторы Нұрғали Егембердиев арнайы жұмыс сапарымен келіп, қаладағы жылу инфрақұрылымының қазіргі жай-күйімен танысты. …

Читать далее »

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ КЕҢЕЮДЕ

Қалада тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған тұрғын үй саясаты жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша 3 көпқабатты тұрғын үй құрылысы толық аяқталып, нәтижесінде 150 жаңа пәтер тұрғындардың игілігіне берілді. Бұл – өңірдегі баспана мәселесін шешуге бағытталған нақты әрі маңызды қадамдардың бірі. Жаңа тұрғын үйлер қазіргі заман талаптарына …

Читать далее »

ЖАҢАРТУ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Қала аумағында жол жөндеу және инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып, биыл ерекше қарқынмен жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрғындардың қолайлы әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған. Жөндеу жұмыстарының бірі – Тәуелсіздік даңғылынан Абай көшесіне дейінгі атауы жоқ көшеде жүзеге асырылып отыр. Ұзындығы 750 метрді құрайтын бұл жол учаскесі соңғы 10 …

Читать далее »

СӘТБАЕВ ЖАСТАРЫНЫҢ ТАБЫСТЫ ТӘЖІРИБЕСІ

Ұлытау облысында өткен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы тек өндірістік кәсіпорындарды ғана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласындағы жас кәсіпкерлердің де әлеуетін айқын көрсетті. Солардың бірі – Сәтбаев қаласынан қатысқан Гүлбақыт Аймағамбетова мен оның жұбайы Еркебұлан Иманжанұлы. Жас кәсіпкерлердің отбасылық бастамасы бүгінде шағын, бірақ қарқынды дамып келе жатқан фермерлік шаруашылыққа …

Читать далее »

ДӘСТҮР МЕН САПАНЫ ҰШТАСТЫРҒАН КӘСІП

Ұлытау облысында өткен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы жергілікті кәсіпкерлердің әлеуетін көрсеткен маңызды алаңға айналды. Солардың қатарында Сәтбаев қаласының кәсіпкерлері де өз өнімдерін ұсынып, отандық өндірістің дамуына үлес қосты. Көрмеге қатысқан жас кәсіп иелерінің бірі – Мәдина Дәркенова. Кәсіпкермен әңгіме барысында оның ісін қалай бастап, қандай бағытта дамытып отырғаны және …

Читать далее »

ЕЛ СЕНІМІ – ЕҢ ЖОҒАРЫ МАРАПАТ

Мемлекеттік қызмет – бұл жай ғана кәсіп емес, бұл – елге, ұлтқа қалтқысыз қызмет етудің ұлы миссиясы мен жауапкершілігі салмақты, міндеті зор қастерлі міндет. Жауапкершілігі жоғары осынау сала мамандарының кәсіби мерекесі – Мемлекеттік қызметші күніне орай қаламызда бірнеше маңызды, тағылымды оқиғаларды қамтыған салтанатты іс-шара өтті. Жиын тек мерекелік концертпен шектелмей, …

Читать далее »

СЕССИЯДА ҚАЛАНЫҢ ДАМУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Өткен аптада қала әкімдігінің мәжіліс залында Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы Қайрат Балмағамбетовтың қатысуымен кезекті 37-ші сессиясы өтті. Маңызды жиынға қала әкімі Мұрат Бөрібаев, Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ермек Ибикенов, әкім орынбасарлары, қалалық мәслихат депутаттары мен мемлекеттік мекеме басшылары қатысып, шаһар дамуының өзекті мәселелерін талқылады. Алдымен жиналғандар алдында Ұлытау …

Читать далее »

ТЫНЫШТЫҚ ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ ҚОРҒАНЫ

Апта басында Сәтбаев қаласында Полиция күніне орай салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздіктің қалқаны болған тәртіп сақшыларының кәсіби мерекесіне қала әкімі Мұрат Бөрібаев, қалалық полиция бөлімінің бастығы Думан Магзиев, ішкі істер органдарының ардагерлері мен өкілдері, сондай-ақ полицияның жеке құрамы қатысты. Мерекелік жиында алғашқы болып сөз алған қала …

Читать далее »

БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА

Жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен тәрбиесі – бүгінгі қоғамның басты назарында тұратын өзекті мәселелердің бірі. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 18-20 маусым күндері аралығында Сәтбаев қаласының аумағында «Түнгі қаладағы балалар» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Үш күнге созылған ауқымды рейдтің басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы …

Читать далее »

ДОСТЫҚ ӘЗІЛДЕР

Амангелді Құрақбайға: Тап басатын идеология тынысын, Еңсеріп жүр ішкі саясат жұмысын. Бірлікке елді шақырады әмәнде, «Ынтымақ пен татулық», деп ырысың. Қамын ойлап жүреді ылғи БАҚтың да, Сол ісіңмен бізге және жақтың да «Шарайнаға» мемтапсырыс болатын, Тиын-тебен, уа Әужеке, таптың ба… Нұрлат Қоныспайға: Кейіпкер жанын айтқызбай-ақ ұғатын, Сахна десе бір бүйрегі …

Читать далее »