Жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен тәрбиесі – бүгінгі қоғамның басты назарында тұратын өзекті мәселелердің бірі. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 18-20 маусым күндері аралығында Сәтбаев қаласының аумағында «Түнгі қаладағы балалар» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Үш күнге созылған ауқымды рейдтің басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы …
Читать далее »Ежемесячные архивы: Июнь 2026
ДОСТЫҚ ӘЗІЛДЕР
Амангелді Құрақбайға: Тап басатын идеология тынысын, Еңсеріп жүр ішкі саясат жұмысын. Бірлікке елді шақырады әмәнде, «Ынтымақ пен татулық», деп ырысың. Қамын ойлап жүреді ылғи БАҚтың да, Сол ісіңмен бізге және жақтың да «Шарайнаға» мемтапсырыс болатын, Тиын-тебен, уа Әужеке, таптың ба… Нұрлат Қоныспайға: Кейіпкер жанын айтқызбай-ақ ұғатын, Сахна десе бір бүйрегі …
Читать далее »АРМАННАН ТУҒАН МАМАНДЫҚ
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданына қарасты Ескене ауылында 1989 жылдың 4 қыркүйегінде фермерлер отбасында дүниеге келген Төлегенова Алтынгүл Мәжікенқызының өмір жолы – табандылық пен ізденіске, арман мен жауапкершілікке толы тағдыр. Алтынгүл Талдыбұлақ орта мектебіне 1996 жылы алғаш қадам басып, 2007 жылы осы білім ордасын аяқтайды. Ауыл мектебінің қабырғасында жүріп-ақ білімге құштар, …
Читать далее »ДӘУІР ӨЗГЕРГЕНІМЕН, МІНДЕТ ӨЗГЕРМЕЙДІ
Қазіргі баспасөз бұрынғы дәстүрлі газет-журнал кеңістігінен әлдеқайда кең ақпараттық ортаға айналды. Бір кездері қоғамның негізгі ақпарат көзі газет болса, бүгінде бұл рөлді сайттар, әлеуметтік желілер және цифрлық платформалар бөлісіп отыр. Соған қарамастан, баспасөздің басты миссиясы – шынайы ақпарат тарату, қоғамдық ой қалыптастыру және билік пен халық арасындағы көпір болу. Ол …
Читать далее »«КӨБІКFEST» ӨТТІ
Қала тұрғындары үшін, әсіресе балаларға ерекше қуаныш сыйлаған жарқын мереке – «КөбікFest» жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ақ көбікке толы алаң шаттық пен күлкіге бөленіп, қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды. Мереке барысында балалар көбік әлемінде еркін ойнап, ерекше көңіл-күйге бөленді. Алаңда ұйымдастырылған түрлі қызықты ойындар мен жарыстар кішкентай қонақтардың белсенділігін арттырды. Көңілді әуендер, …
Читать далее »ҚАЛАНЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІ НАЗАРДА
Қала әкімінің қала көшелерін аралау жұмысы жалғасын тауып келеді. «Көшені жаяу аралау – тек ағымдағы жағдайды бағалауға ғана емес, сонымен қатар тұрғындармен тікелей пікірлесіп, жергілікті деңгейдегі өзекті мәселелерді анықтауға мүмкіндік беретін тиімді тәсіл», дейді шаһар басшысы. Санитарлық тазалық – басты назарда Аралау кезінде тұрғын үйлердің маңындағы санитарлық жағдайға ерекше көңіл …
Читать далее »ҚАТАҢ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
Қала тазалығы мен абаттандыру – барша тұрғындарға ортақ маңызды міндеттердің бірі. Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуы бірінші кезекте мердігер ұйымдардың тікелей жауапкершілігі екені ерекше атап өтілді. Осыған байланысты мердігер ұйымдардың қатысуымен кезекті штаб отырысы өткізілді. Жиын барысында қаладағы санитарлық тазалықты сақтау, тұрмыстық қатты қалдықтарды уақытылы шығару, жасыл …
Читать далее »«ECOSAT» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ ШАРА ӨТТІ
Сәтбаев қаласында экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған маңызды қоғамдық бастама жүзеге асырылды. Қала әкімдігінің қолдауымен және Жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен «EcoSat» экологиялық жобасы аясында кең көлемді экологиялық акция жоғары деңгейде өтті. Бұл шара өңір жастарының табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға және экологиялық сананы күшейтуге бағытталды. Акцияның басты …
Читать далее »ТӘЖІРИБЕСІ МОЛ, ТАҒЫЛЫМЫ ТЕРЕҢ ӨНДІРІС АРДАГЕРЛЕРІ
Өндірістің алыбы, отандық металлургия мен тау-кен өндірісінің қара шаңырағы – «Қазақмыс» корпорациясы тек өндірістік көрсеткіштерімен ғана емес, өз жұмысшыларына деген риясыз қамқорлығымен де ерекшеленеді. Компанияның осы бағыттағы ең ауқымды әрі маңызды құрылымдарының бірі – «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы Ардагерлер кеңесі. Бұл кеңес – жай ғана қоғамдық ұйым емес, бұл – өмірін …
Читать далее »ҰЛЫ ДАЛА ДӘСТҮРІНЕН – ТУРИСТІК БРЕНДКЕ ДЕЙІН
Қазақстанның мәдени кеңістігінде соңғы жылдары ұлттық дәстүрлерді жаңғырту, оларды заманауи форматта қайта таныту үрдісі айқын байқалады. Солардың ішінде ерекше орны бар мәдени-этнографиялық жоба – «Көкмайса» қымыз мерекесі және оның тарихи-мәдени негізі саналатын қымызға қатысты көктемгі ғұрыптар. Бұл жоба тек мәдени шара ғана емес, сонымен қатар туризмді дамытуға, ұлттық бренд қалыптастыруға …
Читать далее »
Шарайна
