Пятница, 30.10.2026

Свежие новости

Май, 2026

  • 15 мая

    КӘСІПКЕРЛІККЕ ЖОЛ АШҚАН КУРС

    Сейсенбі күні қаламызда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі – «Әлеуметтік кәсіпкер» оқыту курсын сәтті аяқтаған тыңдаушыларға салтанатты түрде сертификат тапсыру рәсімі өтті. Аталған шара қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді кәсіпкерлік арқылы шешуге ниетті азаматтарды қолдауға және олардың бастамаларын дамытуға арналды. Салтанатты жиынға қала әкімі Мұрат Бөрібаев, Ұлытау облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының …

    Читать далее »
  • 15 мая

    ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС, ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ  ҰБТ ЖАЙЫ СӨЗ БОЛДЫ

    Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген аппарат жиыны балалардың жазғы демалысы, ұлттық біріңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындық, суға шомылу қауіпсіздігі және дала өртінің алдын алу мәселелеріне арналды. Жиынның өзектілігі қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдердің сауықтыру, білім және қауіпсіздік саласындағы жағдайды жүйелі түрде бағалау қажеттілігімен түсіндіріледі. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе …

    Читать далее »
  • 15 мая

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz. Ақорданың хабарлауынша, жарлықтың негізгі мақсаты – жасанды интеллекттің жедел дамып келе жатқан кезеңінде Қазақстан Республикасының өркендеуін қамтамасыз ету, адами капиталды ілгерілетуге үлес қосатын заманауи, инновациялық білім беру жүйесін …

    Читать далее »
  • 15 мая

    АШЫЛАУЫНА АЙ ҚАЛДЫ: НЕ ІСТЕЛІНДЕ? НЕ ІСТЕЛІНУДЕ?

    Сәтбаевта республикалық маңызы бар индустриалдық аймақ ашу мәселесінің көтерілгеніне бірнеше жылдың жүзі болған еді. Алайда, «сабақти ине – сәтімен» демекші соның сәті биыл түсті. Қазір қаланың батыс аймағында үлкен құрылыс жұмыстиары жүріп жатыр. Енді бір айдан кейін ол жерде ауқымды индустриалық аймақ ашылмақ. Жуырда шаһар басшысы Мұрат Бөрібаев республикалық маңызы …

    Читать далее »
  • 15 мая

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    2026 жылғы 18 мамыр мен 8 маусым аралығында республика аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгерлері – балаларды қолдап-қорғау механизмдерін жандандыруға бағытталған «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты ауқымды республикалық акция өткізіледі. Аталған акцияның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғам назарын балалардың қауіпсіздігі мәселесіне аудару, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәгері болған балаларды қорғау мен қолдау …

    Читать далее »
  • 15 мая

    «WorldSkills Ulytau–2026»: кәсіби шеберлік алаңы

    «WorldSkills Ulytau» — жастардың кәсіби шеберлігін дамытуға және еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға мүмкіндік беретін бірегей алаң. Бұл алаңда өңір экономикасын дамытуға үлес қосатын, ел болашағын қалыптастыратын білікті мамандар тәрбиеленеді. Жастарға құттықтау сөз сөйлегендер: еңбек ардагері Тұрсынбек Макишев және Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженова. Олар студенттерге білім …

    Читать далее »
  • 8 мая

    ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

    9 мамыр – тек мемлекеттік мереке ғана емес, бұл – Қазақстан халқының тарихи жадында мәңгі сақталатын күн. Әр жыл сайын біз осы күні Ұлы Отан соғысында көрсеткен батырлықты еске алып, ардагерлерге құрмет көрсетеміз. Бұл күн бізге бейбіт өмірдің бағасын еске салып, ерліктің, бірліктің символына айналған. Жеңіс күні 1945 жылдың көктеміне, …

    Читать далее »
  • 8 мая

    ҮЙДІ БАСҚАРУ: ЖАУАПКЕРШІЛІК. СЕНІМ. НӘТИЖЕ

    Өткен аптада Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков «Amanat» партиясының бастамасымен ұйымдастырылған «Turgyndar amanaty» жобасы аясындағы «Үйді басқару: Жауапкершілік, Сенім, Нәтиже» форумына қатысып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының өзекті мәселелері мен даму келешегіне кеңінен тоқталды. Іс-шараға «Amanat» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев және Парламент Мәжілісінің депутаты Ерболат Сатыбалдин арнайы қатысты. Форум барысында тұрғын …

    Читать далее »
  • 8 мая

    ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

    Аптаның басында қаламыздағы Ш. Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында Отан қорғаушылар күніне арналған облыстық деңгейдегі салтанатты жиын ұйымдастырылды. Бұл мереке әрбір қазақстандық үшін аса мәнді. Себебі ол Отанға адал қызмет еткен ер азаматтарды құрметтеуге және олардың ерлігін дәріптеуге арналған. Іс-шараға өңір басшысы Дастан Рыспеков қатысты. Салтанатта сөз сөйлеген облыс әкімі айтулы …

    Читать далее »
  • 8 мая

    ТРЕСТЕГІ АУҚЫМДЫ ШАРА…

    Дүниежүзілік Еңбекті қорғау күні – тек күнтізбелік дата емес, әрбір жұмыскердің еңбегі мен өміріне деген құрметтің көрінісі. Өткен аптада Ғазиз Омаров атындағы Жезқазған шахтапроходкалау тресінде ұйымдастырылған шара да дәл осы идеяны дәріптеді. Шара барысында ең алдымен өндірісте қаза болған әріптестерге бір минут үнсіздік жарияланды. Бұл сәт қатысушыларға еңбек қауіпсіздігінің маңыздылығын …

    Читать далее »