Пятница, 30.10.2026

Сәтбаев қаласы * Город Сатпаев

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ЖҮЙЕЛІ ДАЙЫНДЫҚ

Жылу маусымына дайындық жұмыстары бүгінде тек жоспарлық сипатпен шектелмей, нақты іске асырылып жатқан кешенді шаралар ретінде жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар өңірлердің инфрақұрылымдық тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі тетігіне айналып отыр. Осы мақсатта Сәтбаев қаласына Үкімет аппаратының Өңірлік инспекторы Нұрғали Егембердиев арнайы жұмыс сапарымен келіп, қаладағы жылу инфрақұрылымының қазіргі жай-күйімен танысты. …

Читать далее »

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ КЕҢЕЮДЕ

Қалада тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған тұрғын үй саясаты жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша 3 көпқабатты тұрғын үй құрылысы толық аяқталып, нәтижесінде 150 жаңа пәтер тұрғындардың игілігіне берілді. Бұл – өңірдегі баспана мәселесін шешуге бағытталған нақты әрі маңызды қадамдардың бірі. Жаңа тұрғын үйлер қазіргі заман талаптарына …

Читать далее »

ЖАҢАРТУ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Қала аумағында жол жөндеу және инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып, биыл ерекше қарқынмен жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрғындардың қолайлы әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған. Жөндеу жұмыстарының бірі – Тәуелсіздік даңғылынан Абай көшесіне дейінгі атауы жоқ көшеде жүзеге асырылып отыр. Ұзындығы 750 метрді құрайтын бұл жол учаскесі соңғы 10 …

Читать далее »

СЕССИЯДА ҚАЛАНЫҢ ДАМУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Өткен аптада қала әкімдігінің мәжіліс залында Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы Қайрат Балмағамбетовтың қатысуымен кезекті 37-ші сессиясы өтті. Маңызды жиынға қала әкімі Мұрат Бөрібаев, Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ермек Ибикенов, әкім орынбасарлары, қалалық мәслихат депутаттары мен мемлекеттік мекеме басшылары қатысып, шаһар дамуының өзекті мәселелерін талқылады. Алдымен жиналғандар алдында Ұлытау …

Читать далее »

«КӨБІКFEST» ӨТТІ

Қала тұрғындары үшін, әсіресе балаларға ерекше қуаныш сыйлаған жарқын мереке – «КөбікFest» жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ақ көбікке толы алаң шаттық пен күлкіге бөленіп, қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды. Мереке барысында балалар көбік әлемінде еркін ойнап, ерекше көңіл-күйге бөленді. Алаңда ұйымдастырылған түрлі қызықты ойындар мен жарыстар кішкентай қонақтардың белсенділігін арттырды. Көңілді әуендер, …

Читать далее »

ҚАЛАНЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІ НАЗАРДА

Қала әкімінің қала көшелерін аралау жұмысы жалғасын тауып келеді. «Көшені жаяу аралау – тек ағымдағы жағдайды бағалауға ғана емес, сонымен қатар тұрғындармен тікелей пікірлесіп, жергілікті деңгейдегі өзекті мәселелерді анықтауға мүмкіндік беретін тиімді тәсіл», дейді шаһар басшысы. Санитарлық тазалық – басты назарда Аралау кезінде тұрғын үйлердің маңындағы санитарлық жағдайға ерекше көңіл …

Читать далее »

ҚАТАҢ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ

Қала тазалығы мен абаттандыру – барша тұрғындарға ортақ маңызды міндеттердің бірі. Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуы бірінші кезекте мердігер ұйымдардың тікелей жауапкершілігі екені ерекше атап өтілді. Осыған байланысты мердігер ұйымдардың қатысуымен кезекті штаб отырысы өткізілді. Жиын барысында қаладағы санитарлық тазалықты сақтау, тұрмыстық қатты қалдықтарды уақытылы шығару, жасыл …

Читать далее »

«ECOSAT» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ ШАРА ӨТТІ

Сәтбаев қаласында экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған маңызды қоғамдық бастама жүзеге асырылды. Қала әкімдігінің қолдауымен және Жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен «EcoSat» экологиялық жобасы аясында кең көлемді экологиялық акция жоғары деңгейде өтті. Бұл шара өңір жастарының табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға және экологиялық сананы күшейтуге бағытталды. Акцияның басты …

Читать далее »

ЕГЕМЕНДІК ЕҢСЕСІ, ЕЛДІК БЕЛГІСІ

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай қаламыздағы Оқушылар аллеясында ерекше рух пен терең мағынаға толы салтанатты іс-шара өтті. Азаттығымыздың айшықты белгілері ұлықталған бұл айтулы күнде аллея іші мерекелік көңіл-күйге бөленіп, патриоттық сезімнің асқақ үлгісін көрсетті. Жиналған қауымның жүзінен Отанға деген шексіз мақтаныш пен құрмет есіп тұрды. Мерекелік …

Читать далее »

ҚОНЫС ТОЙ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, СӘТБАЕВТЫҚТАР!

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекесінде сәтбаевтықтар үшін үлкен қуаныш орын алды. Бұл күні мемлекетіміздің әлеуметтік қолдау саясаты аясында тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде тұрған азаматтарға жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Бүгінде елімізде тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды қолдаудың түрлі тетіктері мемлекеттік деңгейде қарастырылуда. Заңнамаға енген …

Читать далее »