Пятница, 30.10.2026

Сәтбаев қаласы * Город Сатпаев

ҚАЛА КЕЛБЕТІ ЖАҢАРЫП КЕЛЕДІ

Биыл қаламызда тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ауқымды абаттандыру және инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шаһардың заманауи келбетін қалыптастырып, тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта құруды көздейтін жобалардың барысымен таныстыру мақсатында қала әкімі Мұрат Бөрібаев өңір журналистерімен бірге арнайы пресс-тур өткізді. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысқан көшпелі шара аясында …

Читать далее »

ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНДЕ ЖАҢА БАСШЫ

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің бұйрығымен Ұлытау облысы Полиция департаменті Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің бастығы лауазымына Думан Жұмағалиұлы Мағзиев тағайындалды. Думан Жұмағалиұлы, 1984 жылы Қарағанды облысы Шет ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 2005 жылы Ішкі істер органдарының орта басшы құрамындағы жедел қызмет лауазымдарында бастаған. Әр жылдары Ішкі Істер …

Читать далее »

КӘСІПКЕРЛІККЕ ЖОЛ АШҚАН КУРС

Сейсенбі күні қаламызда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі – «Әлеуметтік кәсіпкер» оқыту курсын сәтті аяқтаған тыңдаушыларға салтанатты түрде сертификат тапсыру рәсімі өтті. Аталған шара қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді кәсіпкерлік арқылы шешуге ниетті азаматтарды қолдауға және олардың бастамаларын дамытуға арналды. Салтанатты жиынға қала әкімі Мұрат Бөрібаев, Ұлытау облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының …

Читать далее »

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС, ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ  ҰБТ ЖАЙЫ СӨЗ БОЛДЫ

Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген аппарат жиыны балалардың жазғы демалысы, ұлттық біріңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындық, суға шомылу қауіпсіздігі және дала өртінің алдын алу мәселелеріне арналды. Жиынның өзектілігі қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдердің сауықтыру, білім және қауіпсіздік саласындағы жағдайды жүйелі түрде бағалау қажеттілігімен түсіндіріледі. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе …

Читать далее »

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

Аптаның басында қаламыздағы Ш. Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында Отан қорғаушылар күніне арналған облыстық деңгейдегі салтанатты жиын ұйымдастырылды. Бұл мереке әрбір қазақстандық үшін аса мәнді. Себебі ол Отанға адал қызмет еткен ер азаматтарды құрметтеуге және олардың ерлігін дәріптеуге арналған. Іс-шараға өңір басшысы Дастан Рыспеков қатысты. Салтанатта сөз сөйлеген облыс әкімі айтулы …

Читать далее »

ТРЕСТЕГІ АУҚЫМДЫ ШАРА…

Дүниежүзілік Еңбекті қорғау күні – тек күнтізбелік дата емес, әрбір жұмыскердің еңбегі мен өміріне деген құрметтің көрінісі. Өткен аптада Ғазиз Омаров атындағы Жезқазған шахтапроходкалау тресінде ұйымдастырылған шара да дәл осы идеяны дәріптеді. Шара барысында ең алдымен өндірісте қаза болған әріптестерге бір минут үнсіздік жарияланды. Бұл сәт қатысушыларға еңбек қауіпсіздігінің маңыздылығын …

Читать далее »

ДЕНЬ ЕДИНСТВА И ДРУЖБЫ НАРОДОВ В САТПАЕВЕ

На центральной площади города, на летней сцене, Дом дружбы организовал праздничное мероприятие под названием «Казахстан – страна единства и согласия». В мероприятии приняли участие представители различных этнических сообществ города, продемонстрировав свои национальные таланты и подчеркнув ценность дружбы и межкультурного согласия. Праздник продолжился традиционным фестивалем-конкурсом «БИ ART», организованным Дворцом горняков им. …

Читать далее »

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛУДЕ

Қала көшелерін жөндеу және көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары Сәтбаев қаласында қарқынды түрде жалғасуда. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Алмас Ыдырысов сейсенбі күні коммуникациялар алаңында өткізген брифингте баяндады. Алмас Серікболұлының айтуынша Ұлытау облысының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 2 711,7 шақырым. Оның ішінде республикалық маңызы бар – 989 шақырым, облыстық – …

Читать далее »

ЕСКІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖАҢАРТУ БАСТАЛДЫ

Өңірімізде ескі және апатты тұрғын үйлерді жаңарту бағытында жүйелі және кезең-кезеңімен жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы жергілікті билік пен инвесторлардың бірлескен бастамалары аясында белгілі болды. Тұрғын үй қорын жаңғырту жобаларын іске асыру мақсатында Қытай Халық Республикасының China–Kazakhstan Silk Road Yuntu (Xi’an) Technology Development Co., Ltd компаниясымен бірқатар мазмұнды кездесулер өткізілді. Кездесулер …

Читать далее »

ЖАСЫЛ ДӘЛІЗ – ҚАЛАНЫҢ ЖАҢА ТЫНЫСЫ

Сәтбаев қаласында биыл ерекше маңызы бар, ауқымды экологиялық жоба қолға алынды. Қаланың кіреберісінен басталатын «жасыл дәліз» тұрғындарға ғана эстетикалық ләззат сыйлап қоймай, қаланың экологиялық тепе-теңдігін сақтауға бағытталған. Жоба аясында қаланың кіреберіс аймағында үш қатарға 1400-ден астам ағаш отырғызылды. Қазір олардың әрқайсысы жерге тамыр жайып, қала ауасына таза ауа қосып келеді. …

Читать далее »