Пятница, 30.10.2026

Область Ұлытау

ОБЛЫС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

САРЫСУ–ТҮЙЕМОЙНАҚ БАҒЫТЫ АШЫЛДЫ Сарысу ауылында бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысан пайдалануға берілді. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Алмат Сакипов қатысып, ауыл тұрғындарын айтулы жаңалықтармен құттықтады. Ауыл тұрғындары мен шаруалар үшін маңызы зор Сарысу–Түйемойнақ бағытындағы 21 шақырым автомобиль жолының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұған дейін асфальт жабындысы болмаған жолға биыл толықтай …

Читать далее »

АҚПАРАТТАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК – ҚОҒАМ АЛДЫНДАҒЫ МІНДЕТ

Ұлытау облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Жезқазған қаласында «Ақпарат, нарратив, жауапкершілік: зайырлы қоғамның медиадағы бейнесі» тақырыбында семинар өтті. Басқосуға Жезқазған және Сәтбаев қалаларында дін саласына қатысты мәселелерді жариялап жүрген журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының және ақпараттық ресурстардың өкілдері қатысты. Семинардың негізгі мақсаты – дін, зайырлылық, діни бірлестіктер, конфессияаралық қатынастар және қоғамдағы …

Читать далее »

ТӨРТ ВОКЗАЛҒА – ЖАҢА ТЫНЫС

Ұлытау облысында көлік инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы маңызды жобалардың бірі жүзеге асып, бір күнде төрт теміржол вокзалы жаңартылып, жолаушылар игілігіне қайта берілді. Жаңарған нысандар Жезқазған, Қаражал қалаларында, Жаңаарқа ауданында және Қызылжар бекетінде орналасқан. Бұл – өңірдегі теміржол саласының материалдық-техникалық базасын жаңартып қана қоймай, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстың …

Читать далее »

ОБЛЫС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

АВТОКӨЛІК КӨПІРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН Ұлытау облысының Қызылжар кентінде Сарысу өзені арқылы өтетін жаңа автокөлік көпірі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Көпірдің құрылысы жергілікті тұрғындардың көптен бергі ұсынысы негізінде қолға алынған. Бұған дейін көктемгі және күзгі су тасқыны кезінде қолданыстағы өткелді су шайып, тұрғындар аудан және облыс орталығына айналма жолмен …

Читать далее »

ОБЛЫС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«Нива» автокөліктері табысталды Жаңаарқа ауданының ауылдық округтерінде қызмет атқаратын ветеринариялық дәрігерлерге жаңа «Нива» автокөліктерінің кілттері сыйға тартылды. Жаңа қызметтік көліктер ветеринар мамандардың елді мекендер мен шалғай қоныстарға дер кезінде барып, өз міндеттерін тиімді әрі сапалы атқаруына мүмкіндік береді. Бұл – ветеринария саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және мамандардың жұмыс жағдайын жақсартуға …

Читать далее »

Есет Байкеннің: «БАҚ ПЕН БИЛІК АРАСЫНДА ЕШҚАНДАЙ БӨГЕТ БОЛМАЙДЫ»

Өткен аптада Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері мен журналистерін шақырып, еркін форматта пікір алмасты. Ресми жиынға ұқсамаған кездесуде өңір басшысы БАҚ өкілдерімен ашық әңгімелесіп, журналистердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады. «БАҚ пен билік арасында ешқандай бөгет болмайды» деген байламын да облыс әкімі осы кездесуде айтты. Соңғы кездері бұқаралық …

Читать далее »

СӘТБАЕВТЫҢ ЖАҢА ДАМУ БАҒЫТЫ

Өткен аптада Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен кеншілер қаласына арнайы келіп, көшпелі отырыс өткізді. Жиын барысында қаланың бүгінгі ахуалы сараланып, алдағы кезеңдегі даму бағытын айқындайтын бірқатар маңызды мәселе кеңінен талқыланды. Өңір басшысы жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеп, қолға алынған жобалардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуының маңызын атап өтті. Осы орайда …

Читать далее »

ПРОКУРАТУРАНЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

Ұлытау облысының Қаражал қаласында қалалық прокуратураның жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен, облыс прокуроры Жасұлан Еламанов, облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Өңір басшысы прокуратура қызметкерлерін жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтап, нысан қадағалау органының жұмысын тиімді ұйымдастыруға және қызметкерлер …

Читать далее »

ЖАҢААРҚА АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП

Білім күні Жаңаарқа ауданының Манадыр ауылында 80 орындық жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа білім ошағы «Заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару туралы» заң аясында мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен салынды. Заманауи мектепте оқушылардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына қажетті барлық жағдай қарастырылған. Білім ошағында 18 оқу кабинеті, робототехника кабинеті, спорт …

Читать далее »

ҚҰНДЫЛЫҚ ПЕН САПА САБАҚТАСТЫҒЫ – БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Ұлытау облысында жаңа оқу жылы қарсаңында педагогтердің облыстық тамыз кеңесі өтті. Биылғы басқосудың «Құндылыққа негізделген білім: сапа, сабақтастық және жаңа мүмкіндіктер» деген тақырыбының өзі білім беру саласының бүгінгі бағыт-бағдарын айқын аңғартты. Сәтбаев қаласында ұйымдастырылған ауқымды шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов, Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен, ардагер ұстаз Шынар …

Читать далее »