Өткен аптадағы өңірдегі басты жаңалықтардың бірі – қанаттас жатқан Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының әкімдері ауысуы болды. Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов өз өтінішімен қызметінен кеткеннен кейін, мысты шаһар басшылығына бұған дейін Сәтбаев қаласының әкімі болған Мұрат Бөрібаев тағайындалды. Ал Сәтбаев қаласының әкімі лауазымына Кеңгірбай Смағұлов келді. Кеңгірбай Қоңырұлы еңбек жолын …
Читать далее »Ежедневные архивы: 25/09/2026
ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ – БАСТЫ НАЗАРДА
Қала әкімі Кеңгірбай Смағұловтың жұмыс сапары барысында тұрғындардың өтініштері қаралып, абаттандыру және санитарлық тазалыққа қатысты бірқатар мәселе бойынша нақты тапсырмалар берілді. Әр бағыттағы жұмыстарды белгіленген мерзімде орындау жауапты мамандардың бақылауына алынды. Жұмыс сапары барысында әлеуметтік желі арқылы өтініш білдірген тұрғынмен кездесу өтіп, Сәтбаев даңғылы бойындағы «Апорт» дүкенінің маңында жиналатын су …
Читать далее »ОБЛЫС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
«Нива» автокөліктері табысталды Жаңаарқа ауданының ауылдық округтерінде қызмет атқаратын ветеринариялық дәрігерлерге жаңа «Нива» автокөліктерінің кілттері сыйға тартылды. Жаңа қызметтік көліктер ветеринар мамандардың елді мекендер мен шалғай қоныстарға дер кезінде барып, өз міндеттерін тиімді әрі сапалы атқаруына мүмкіндік береді. Бұл – ветеринария саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және мамандардың жұмыс жағдайын жақсартуға …
Читать далее »НЕГІЗГІ ЖҰМЫСТАР АЯҚТАЛУ КЕЗЕҢІНДЕ
Сәтбаевта жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Қаладағы жылу және электр желілерінде жоспарлы жөндеу жүргізіліп, көппәтерлі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың әзірлігі пысықталуда. Бүгінде 630 көппәтерлі үйдің 600-і дайындық актісін алды. Қала әкімі Кеңгірбай Смағұловтың қатысуымен өткен жиында жылу және электрмен жабдықтау кәсіпорындарының, білім бөлімі мен әкімдік мамандарының жылыту маусымына …
Читать далее »70 ТҮП ТЕРЕК ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Сәтбаев қаласы Дүниежүзілік тазалық күні – World Cleanup Day және республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қосылды. Осыған орай қаладағы «Оқушылар алаңы» аумағында көшет отырғызу шарасы ұйымдастырылды. Экологиялық бастамаға қала әкімі Кеңгірбай Смағұлов, әкімдік өкілдері, қаланың ақсақалдары, этно-мәдени орталықтар өкілдері, волонтерлер, мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Бірігіп атқарылған шара барысында …
Читать далее »ЕҢБЕККЕ ҚҰРМЕТ, МАМАНДЫҚҚА БАҒЫТ
Еңбек күніне орай балалар мен жасөспірімдер кітапханасында жас ұрпаққа еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру және еңбек адамын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Жұмыста өзіңді тап» атты диалог алаңы ұйымдастырылды. Еркін пікір алмасу форматында өткен тағылымды кездесуге Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің оқушылары мен ұстаздары қатысты. Кездесудің басты мақсаты жастарға …
Читать далее »СӘТБАЕВТЫҚТАР ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Еңбек – ел дамуының негізі, ал маңдай термен жеткен жетістік – адам еңбегінің ең биік бағасы. Қай салада болмасын өз ісіне жауапкершілікпен қарап, кәсібін адал атқарып жүрген еңбек адамдарының еңбегін дәріптеу – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Осы орайда жыл сайын ұйымдастырылатын «Еңбек жолы» байқауының маңызы ерекше. Еңбек күні қарсаңында …
Читать далее »ҚОЛДАУДАН – ӨНДІРІСКЕ ДЕЙІН. «ДАМУ» ҚОРЫ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІН ТАНЫСТЫРДЫ
Кәсіпкерліктің дамуы – экономиканың тұрақтылығы мен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырудың маңызды факторларының бірі. Әсіресе шағын және орта бизнес үшін қаржыландыруға қолжетімділік, кепілдік мәселесі және жобаларды сүйемелдеу секілді құралдар бизнестің дамуына тікелей әсер етеді. Осы бағытта Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі институттарының бірі – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры. Жақында аталмыш қордың Ұлытау …
Читать далее »БУЛЛИНГ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Қазіргі қоғамда жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау – аса маңызды мәселелердің бірі. Әсіресе, мектеп қабырғасында кездесетін буллинг, яғни бір оқушының екіншісіне жүйелі түрде психологиялық немесе физикалық қысым көрсетуі, көп жағдайда дер кезінде назар аударуды қажет етеді. Біреуді келемеждеу, кемсіту, қорқыту, әдейі ортадан шеттету немесе әлеуметтік желілер арқылы қорлау сырт көзге …
Читать далее »ӨЛКЕ ТАРИХЫ – АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫНДА
Дүйсенбі күні Сәтбаев қаласының мемлекеттік архивінде «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасы аясында «Тарихты тұлғалар жасайды» тақырыбында ашық есік күні өтті. Танымдық шараға Сәтбаев қаласындағы №7 жалпы білім беретін мектеп пен Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінің 8-10 сынып оқушылары қатысып, архивтің тыныс-тіршілігімен, құнды құжаттарымен және архив саласының маңызымен жақынырақ танысты. Сәтбаев …
Читать далее »
Шарайна
